Алматы қаласында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Есентай өзенінің жағалауын бекіту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында әл-Фараби даңғылынан оңтүстікке қарай Есентай өзенінің арнасын жағалауды бекіту жұмыстарының қарқынын тексерді.
Жазда мұнда тротуарларды, жарықтарды, балалар ойын алаңы мен спорт алаңдарын жайғастыра отырып, жағалауды абаттандыру басталады. 4000 жуық ағаш отырғызу жоспарлануда. Бүгінгі таңда тіреу қабырғаларын тұрғызу, түбін темір бетонмен нығайту және техникалық жолды жайластыру арқылы ұзындығы 1,8 шақырым учаскені жағалауды бекіту бойынша жұмыстардың 65 пайызы орындалды.
Бұл шара учаскенің күнделікті су көлемінен ең жоғары өткізу қуатын 10 есеге арттыруға мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру кезінде «Tokyo Rope Almaty» зауытында дайындалған отандық өндіріс өнімі пайдаланылады. Ең жоғары әлемдік сапа стандарттарына жауап беретін ауыр габариттерге (тас толтырылған торлы құрылым) өндіруші 50 жылдан астам кепілдік береді.
Мегаполис басшысы селге қарсы қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Соңғы үш жылда су тасқыны қаупі бар учаскелердің саны 67-ден 12-ге дейін қысқарды, тоғыз өзен арнасын қайта жаңарту жүргізілді, 300 километрден астам арық желілері салынды және қайта жаңартылды. Қауіпсіздік пен экологиялылық қаланы одан әрі дамыту кезінде негізгі қағидаттар болуы тиіс, деп есептейді Бауыржан Байбек. Сонымен қатар, Алматыда екі жаңа «Ақсай» және «Аюсай» бөгеттерін салу жоспарланған, «Мыңжылқы» бөгетін қалпына келтіру жұмыстары аяқталуда. Ерменсай, Кереңқұлақ, үлкен және Кіші Қарасу өзендерінің жағалауын бекіту және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 7,7 километр Қарғалы өзенінің арнасына іргелес аумақты жағалауды бекіту және абаттандыру аяқталды. Қорғау құрылыстарымен ГЭС1-ҮАК және Медеу-Шымбұлақ баурайларының тұрақсыз учаскелері нығайтылды.